«Foreign languages without borders»

2024 жылдың 26 қарашасында Гуманитарлық факультеттің Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы 2-3 курс студенттері арасында ағылшын, қытай, түрік және неміс тілдерінен «Foreign languages without borders» олимпиадасын ұйымдастырды. Ағылшын тілінен олимпиада екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде қатысушылар тыңдалым, оқу және жазу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды орындады, ал екінші кезеңде жобалық жұмыстарын қорғады. Олимпиаданың мақсаты — дарынды студенттерді анықтау, олардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамыту, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру және оқуға деген қызығушылықты арттыру болды. Бірінші кезеңнің нәтижесінде 40 студенттен 10 студент екінші кезеңге өтті. Жобаларды қорғау нәтижесінде студенттер өздерінің тілдік және ғылыми-зерттеу дағдыларын көрсетті, жүлделі орындарға ие болып, 1, 2, 3 орындарға дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Біз болашақта студенттеріміздің үлкен жетістіктерге жететініне сенімдіміз.

#SDG #ЦУР #ТДМ