«STEM, CLIL технологиялары және жасанды интеллект арқылы оқу үдерісін модельдеу»  тақырыбында шебер-сынып

2024 жылдың 05 желтоқсанда Жаратылыстану-техникалық факультетінің ПОҚ г.ғ.к., қауымдастырылған профессор Е.А.Токпанов, PhD, оқытушы-дәріскер Д.М.Мукашева, магистр, М.М.Кульджатаев, С.Сейлхан ұйымдастыруымен«STEM, CLIL технологиялары және жасанды интеллект арқылы оқу үдерісін модельдеу» тақырыбында шебер-сынып өтті. 

Шебер-сыныпқа университеттің профессорлық-оқытушы құрамы және білімгерлер, магистранттар,докторанттар қатысты.

Жаратылыстану-техникалық бағытындағы пәндерді оқытуда STEAM, CLIL (Content and Language Integrated Learning) технологияларын қолдана отырып,  білім беруде қолдану негізінде білім алушылардың зерттеу құзіреттілігін қалыптастыру мүмкіншіліктері қарастырылды.

Шебер-сыныптың мақсаты – ПОҚ және білім алушылардың инновациялық білім беру технологияларымен танысып, сол жаңа технологиялардың элементтері арқылы білімгерлердің танымдық қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Шебер-сынып барысында, сандық карталарды талдау, коллоборативті оқыту, STEAM білім беру, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ақпараттық-қатынастық технологиялары мен интербелсенді оқыту әдістері қолданылды.

Сабақ барысында білім алушылар https://www.ventusky.com/ru виртуалды метеорологиялық интербелсенді виртуалды сандық карталарды және виртуалды лабораторияларды пайдаланды. STEAM білім беру талаптарына сәйкес ауаны ластаудан қорғау шараларын анықтап, тазартқыш қондырғыларды үлгіледі. Өсімдіктер биологиясы пәнін оқыту үрдісінде CLIL технологиясын қолдана отырып, дидактикалық құралдарды пайдалану негізінде белсенді оқыту әдістерді көрсетілді. Білімгерлер сабақ барысында цифрлық микроскопты қолданып, ағылшын тілінде берілген микропрепараттарға талдау жасады. Сонымен қатар, 3D форматында  өрт сөндіру құралдарының оқу-жаттығу кешенін пайдаланып, білімгерлер виртуалды уақытта өртті сөндірудің тәсілдерін көрсетті. Шара соңында қатысушылар пікірлерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Мастер-класс кезінде білім берудегі заманауи технологиялардың маңыздылығы атап өтіліп, жаңа идеялар ұсынылды.

#SDG #ЦУР #ТДМ