2024 жылғы 12 желтоқсан күні дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскерлері Берик Бектурсынович Сарсенбаев және Мергенбай Рамазанович Озенбаевтың бастауымен “Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдары” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа оқытушы профессорлар құрамы және университетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдинетті
қалыптастыру жөніндегі Комплаенс-офицері қатысты. Ашық сабақтың мақсаты Сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
