2024 жылғы 12 желтоқсан күні физика-математика факультетінде ғылыми семинар өтті. Семинар барысында PhD С.Р.Сакибаевтың «Білім берудегі және академиялық саладағы Deep Learning» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар семинар барысында Горно-Алтайск мемлекеттік университетінің (Горно-Алтайск қ., Алтай Республикасы, Ресей Федерациясы) профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Темербекова Альбина Алексеевна 8D01504- «Информатика» білім беру бағдарламасы докторанттарына педагогикалық бағыттағы ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстарын айтты.
Семинар барысында информатика және білімді цифрландыру кафедрасының докторанттары жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Өз кезегінде, Альбина Алексеевна ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңдері, оның ішінде педагогикалық эксперимент жүргізу тәжірибесі туралы құнды ақпарат беріп, пайдалы кеңестермен бөлісті.
Семинар докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге және педагогикалық эксперимент жүргізу бойынша тәжірибелік білім алуға маңызды үлес қосты.