Год: 2024

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

2024 жылдың 21 қарашасында Жаратылыстану-техникалық факультеті, «Биология» мамандығының 3 курс білімгерлері қатысуымен куратор Т.К. Укушева «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кураторлық сағат өткізді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі және оның алдын алу әдістері туралы әңгімелесу жүргізу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы туралы нанымдарды қалыптастыру,  білімгерлердің құқықтық санасын тәрбиелеу және құқықтық мәдениетін арттыру

Шебер-сынып

2024 жылдың 25 қарашасында Физика-математика факультетінің оқытушылары Р.Е.Абдуалиева, Ж.У.Ахметов, Г.Д.Кастеева, Д.Е.Куатбаева ұйымдастыруымен «STEM, CLIL технологиялары және жасанды интеллект арқылы оқу үдерісін модельдеу» тақырыбында шебер-сынып өтті.  Шараға университеттің профессорлық-оқытушы құрамы мен білім алушылары қатысты. Шебер-сынып барысында заманауи технологияларды қолдану арқылы оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдары, STEM әдіснамасының артықшылықтары, CLIL (Content and Language Integrated Learning) технологиясының ерекшеліктері, …

Шебер-сынып Read More »

Обсерваторияға экскурсия

2024 жылғы 23 қарашада Фесенков атындағы астрофизика обсерваториясына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға ФПҚ-411 тобының студенттері оқытушы-дәріскер Қуатбаева Д.Е. және оқытушы-ассистент Жақпаев Қ.Р. жетекшілігімен қатысты. Студенттер Сатурн планетасын, аспандағы жарық жұлдыздардың бірі Альтаирді және бірнеше шоқжұлдызды тамашалап, астрономия әлемінің кереметтерімен танысты. Экскурсия барысында студенттерге Сихотэ-Алинь метеоритінің тарихы мен ерекшеліктері туралы баяндалды. Бұл метеорит 1947 жылы Ресейдің Қиыр …

Обсерваторияға экскурсия Read More »

«Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» жобасы аясында тәжірибе алмасу

2024 жылғы  20-24 қараша аралығында АР23488199 «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» тақырыбындағы ғылыми жоба жетекшісі, бас ғылыми қызметкер Г.С. Майлыбаева, бас ғылыми қызметкер С.К. Абильдина,  және жетекші ғылыми қызметкер Ж.Р. Жексембаева, аға ғылыми қызметкер                А.Т. Искакова  іс-сапарға Астана қаласында «Nobel fest x teachers’ summit» қатысып, тәжірибе алмасып қайтты. …

«Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» жобасы аясында тәжірибе алмасу Read More »

«Abay» этноауылындағы демалыс

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультетінің ұжымы «Abay» этноауылына барып қайтты.  Ұстаздар қауымы таза ауамен тыныстап, атпен серуен құрды. Белсенді демалыс кәсіподақ ұйымы есебінен жүзеге асты. Ұжымдық біртұтастықты дамытуға, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған бастама үшін университет басшылығы мен кәсіподақ ұйымына алғысымызды білдіреміз!

Семинар

22.11.2024 ж  Педагогика және психология факультетінде «Практикалық психология: ізденіс, тәжірибе, шығармашылық» атты облыстық әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға «Жетісу облысы білім басқармасы* мемлекеттік мекемесінің Облыстық психологиялық қолдау орталығы КММ-нің директоры, әдіскерлері және Талдықорған қаласы, Ескелді ауданы, Көксу ауданы, Алакөл ауданы бойынша мектеп психологтары, педагогика және психология кафедрасының докторанттары мен магистранттары, ППК 411 тобының студенттері қатысты. Семинар …

Семинар Read More »

Сыртқы академиялық ұтқырлық

Сыртқы академиялық ұтқырлық Сыртқы академиялық ұтқырлық Add Your Heading Text Here                                                     Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы Түркия Республикасы Нийде Омер Халисдемир университетінің философия докторы Перизат Ертаева «Лингвомәдениеттану» пәні бойынша «Қазақ …

Сыртқы академиялық ұтқырлық Read More »

Жүректерге жаққан білім шырағын

2024 жылдың қарашаның  22-сі жарты ғасырлық тарихы бар физика-математика факультетінің “Жүректерге жаққан білім шырағын ” кітабының тұсау кесер салтанаты болды. Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат — білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Факультетіміздің қадірлі ұстаздары кітаптың ашылуына қатысты. .Мереке жоғары деңгейде өтті.

Қ.Бітібаева атындағы олимпиадасы

Ағымдағы жылдың 21 қараша күні колледж студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық Қ. Бітібаева атындағы олимпиадасында 104 ШБқ тобының студенті Аркинова Дильназ жүлделі 1-орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.  Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы — Макеева Камшат Маулетовна.

Ашық сабақ

Физика-математика факультеті,Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскері Н.C.Ермекова “Мектептегі робототехника” пәнінен, “Ардуинода фоторезистрді пайдалану”тақырыбына 22.11.2024ж.  ИҚ311, МИҚ311 топтарына ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты білім алушыларға жасанды интеллектті пайдалану арқылы практикалық жұмысты түсіндіру болды. Ашық сабақ барысында “Invideo AI”платформасы қолданылды.

AI Assistant