Год: 2024

Комплаенс-офицердің түсіндірме жұмыстары

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің комплаенс-офицері Болат Қабыкенов және университет психологы Г. Б. Исламжанова «Zhansugurov college» ұжымымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңын түсіндіру. Комплаенс-офицер академиялық адалдық пен этикалық кодекстің негізгі қағидаттары мен маңызыдылығын түсіндірді. Университет психологы ұжымға психологиялық қолдау көрсету және білімалушылар арасында буллингтің алдын алу бойынша треннинг өткізді. Тренинг соңында …

Комплаенс-офицердің түсіндірме жұмыстары Read More »

Ғылыми импульс: докторанттар арасындағы диалог

Педагогика және психология факультеті мен Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімімен бірлесе отырып, университетіміздің және ғылыми тағлымдамадан өтіп жатқан И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің докторанттарына арналған екі бөлімнен тұратын іс-шара өткізді. — Іс-шараның бірінші бөлімі «Журналға мақаланы тікелей онлайн жіберу» атты семинарына арналды. Баяндамашы бөлімнің үйлестірушісі Байбекова Әсем Қабылқаққызы. Қатысушылар Scopus және Web of Science …

Ғылыми импульс: докторанттар арасындағы диалог Read More »

«Тоғыз құмалақ ойын ережелерін үйрену» курсы

Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы «Асыл қазына университеті» жобасы аясында 2024 жылдың 18 — 30 қараша аралығында университеттің жасы 50+ оқытушылары мен қызметкерлеріне арнап «Тоғыз құмалақ ойын ережелерін үйрену» бағдарламасы бойынша оқыту ұйымдастырды.Тоғыз құмалақ — қазақтың ақыл-ойды дамытуға арналған ұлттық ойындарының бірі. Бос уақытта мидың жұмыс қабілетін жетілдіретін осындай ұлттық ойындарды ойнаудың пайдасы зор. …

«Тоғыз құмалақ ойын ережелерін үйрену» курсы Read More »

Құттықтаймыз!

11-17 желтоқсан аралығында Астана қаласында кәсіпқойлар арасында Гір спортынан Қазақстан Кубогі өтті. Оған Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Анастасия Бражкина қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. Анастасияны жеңісімен құттықтаймыз! #SDG #ЦУР #ТДМ

MOCCA жобасы бойынша Швециядағы ғылыми тағылымдама

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультетінің қауымдастырылған профессоры Назгүл Байғабатова және ғылыми жобалар офисінің менеджері Әлия Қашағанова Швеция корольдігінің Лунд университетінде екі айлық ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. Олар жоба шеңберіндегі зерттеулері бойынша презентацияларын өткізіп, мақалалар дайындап, өздерінің ғылыми әуелетін шындауда. Сондай-ақ, Лунд университеті әлеуметтік ғылымдар факультетінің ғылыми іс-шараларына қатысып, еуропалық әріптестермен іс-тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. …

MOCCA жобасы бойынша Швециядағы ғылыми тағылымдама Read More »

Құттықтаймыз!

Еуразия банкі құрылғанына 30 толуына орай І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне әріптес ретінде ықылас білдіріпті. Еліміздегі ірі банктердің бірі саналатын Еуразия банкінің ұжымын 30 жылдық мерейтойларымен  құттықтаймыз! Қаржы саласындағы еңбектеріңіз жемісті болсын. Университет пен банк арасындағы ынтымақтастық нығая берсін! #SDG #ЦУР #ТДМ

Тәуелсіздік — тұғырым

https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/12/WhatsApp-Video-2024-12-13-at-16.15.25-3.mp4 2024 жылдың 10 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне орай  ҚТӘ 211 тобы “Тәуелсіздік-тұғырым” атты мерекелік ашық сабақ өткізді. Іс-шара  Тәуелсіздік құрбандарын еске алумен басталып,алғашқы сөз кафедра меңгерушісі  Шара Асетқызына берілді. Студенттер арасында Тәуелсіздікке байланысты сұрақ-жауап сайысы ойнатылып, өз пікірлерін білдірді.Топ студенттері домбыра шертіп, ән шырқап, көркем  сөз оқыды. Іс-шара соңында кафедра оқытушылары  Д.Мүлік, М.Тумабаева құттықтау  сөз …

Тәуелсіздік — тұғырым Read More »

«Математиканы оқыту әдістемесі»

13.12.2024 жылы МҚ-311, МПҚ-311, МИҚ-311 топтармен ашық дәріс-пікірталас өткізілді. Тақырыбы: «Математиканы оқыту әдістемесі» қорытынды дәріс. Мақсаты: Математиканы оқыту әдістемесі пәнінен үйренгендерін қорытындылау арқылы педагогикалық практикагаға дайындығын бағалау. Оқытушы: п.ғ.д., профессор Сеитова С.М.

AI Assistant