Год: 2024

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР КҮНІ

Басқарма Төрағасы — Ректор Ермек Бөрібаев Zhetysu University еріктілер штабының үйлестірушілерімен кездесіп, оларды халықаралық еріктілер күнімен құттықтап, зор денсаулық, осы қиын жұмыста табыс тіледі. Zhetysu University еріктілер штабы бүгінгі таңда 900-ден астам қатысушыны қамтиды, 14 бағыт бойынша жұмыс істейді. Ағымдағы жылда жалпы саны 4000-ға жуық адамды қамтитын 20-дан астам акция өткізілді. #SDG #ТДМ #ЦУР

Ашық сабақ

Введите текст заголовка Ашық сабақ 03 желтоқсан күні «Қазақ тілі мен әдебиеті»  кафедрасының  оқытушы-дәріскері Мүлік Дәулеткерей «Алаш дәуірі әдебиеті» пәнінен 6В02302 — «Филология» ББ 3 курс студенттерімен «С.Торайғыровтың прозалық туындылары» тақырыбында практикалық сабақ жүргізді. Оқытушы-дәріскер Есимбекова Динара Болатқызы 04 желтоқсанда «Функционалды грамматика» пәні бойынша 6В02302 — «Филология» ББ 3 курс студенттерімен «Етістіктің шақ категориясы» тақырыбында …

Ашық сабақ Read More »

Академиялық ұтқырлық

Ішкі академиялық ұтқырлық Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің филология ғылымдарының кандидаты Абасилов Аман Маделханұлы “Қазақ тілінің стилистикасы” пәні бойынша  6В01701 – “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының 3-курс  білім алушыларына 04-30 қараша аралығында ішкі академиялық  ұтқырлық бағдарламасы аясында бойынша қашықтан дәрістер жүргізді. Сыртқы академиялық  ұтқырлық Түркия Республикасы Нийде Омер Халисдемир университетінің философия докторы Перизат …

Академиялық ұтқырлық Read More »

«Таза сессия»

Акция аясында педагогика психология факультетінің бірінші курс білімгерлерімен кездесу 📆: 06.12.24⏰: 15:00📍: №1 оқу ғимараты, 204 а аудитория

«Тәуелсіздік тұғырым!»

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы- дәріскері Н.Ермекова,  5-ші желтоқсан  2024 жылы,  1 курс білімгерлері, ИҚ111, МИҚ111, ИР111 топтарымен «Тәуелсіздік тұғырым!» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Онда «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы» жөнінде видеоролик көрсетілді. Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Тәуелсіздік сияқты ұлттық …

«Тәуелсіздік тұғырым!» Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Гуманитарлық факультеттің, шет тілдері және аударма ісінің білім беру бағдарламасының студенттері Мулкибаева Маржан және Нуралы Олжас, Jetysu Hub-тың ұйымдастыруымен жасалған, Pizza Pitch атты IT жобалар байқауына қатысып, жүлделі үшінші орын алды. Оның мақсаты жастардың питч презентация дағдыларын жақсартуға және жобаны тереңдетумен көмектесу болды.

«Тәуелсіздік бастауы- желтоқсан»

04.12.2024 ж. Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының меңгерушісі Забиева К. К. МИқ, Мр 311 топ білімгерлерімен «Тәуелсіздік бастауы- желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын студенттер көңіліне ұялату, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

«Жемқорлық-індет, жою-міндет»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері Б.Ахметов және Е.Ахметов «Жемқорлық-індет, жою-міндет» тақырыбында Дизайн білім беру бағдарламасының 2 курс білімгерлері арасында көрме өткізді.

AI Assistant