Қысқы мектеп

10 қаңтар 2025 жылы Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессорлық-оқытушы құрамы Қысқы мектеп, педагогикалық шеберлік семинарына қатысты.

Семинар мақсаты: университеттің профессорлық-оқытушы құрамын кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңа иновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу. Семинарда Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің Бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі, профессор Нуртаев Уринбай Нишанбекович  «Қазіргі ғылымдағы көркемдік білім берудің жолдары» атты тақырыпта баяндама оқыды. Талдықорған қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дене шынықтыру пәнінің   мұғалімдері  Омаров Талғат Давлетжанович, Есбаев Мереке Маликович  «Оқу бағдарламасы мазмұнымен таныстыру, күнтізбелік — тақырыптық жоспарымен қысқа мерзімді жоспарларды құрастырудың ерекшеліктері» атты тақырыпта  семинарға қатысып жан-жақты талқыланды. Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының оқытушы-дәріскері  Джанабаев Кайрат Темиргалиевич  «Бастапқы әскери дайындық бойынша сабақтардың сапасы мен тиімділігін арттыру»,   шығармашылық білім беру кафедрасының п.ғ.к., қауымдастырылған профессоры (доцент)  Таубалдиева Жуматай «Музыка сабағында заманауи технологияларды қолдану», п.ғ.к., оқытушы-дәріскері Абдухаирова Алчачак Танышевна тақырыбы «Построение эпюры по заданным координатам» атты тақырыптарда таныстырды.