





І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Көңілді жарыстар күні» топтық жарысы өтті.
Жарыс челноктық жүгіріс, кермеге тартылу, пресс, жүгіру эстафетасы, баскетбол добымен жүгіру эстафетасы, кедергілерден жүгіру және арқан тартыс сынды 7 турдан тұрды.
Жарыстың мақсаты мен міндеті қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберліктерін шыңдау, факультеттер мен бөлімдер арасындағы спорттық-жолдастық қарым-қатынасты нығайту. Жарысқа Құқық және экономика, Физика-математика, Жаратылыстану – техникалық, Педагогика және психология, Гуманитарлық факультеті мен Жансүгіров колледжінен командалар қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды Физика-математика, 2-орынды Жаратылыстану – техникалық, 3-орынды Құқық және экономика факультетінің командалары алды. Жарыс жеңімпаздары Басқарма Төрағасы –Ректордың кубогі және грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, университет кәсіподақ ұйымының ақшалай сыйлығына ие болды.