“Топтық жұмысты дамыту және нығайту” тақырыбында психологиялық тренинг өтті

🎓 Қазіргі таңда табысты болудың маңызды шарттарының бірі – топта жұмыс істей білу. Бірлескен іс — әрекет арқылы ғана жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Осы мақсатта Дене шынықтыру және өнер факультетінде “Топтық жұмысты дамыту және нығайту” тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

⚜️ Бұл іс-шара барысында студенттер бір-бірімен сенімді қарым-қатынас орнатуды, командалық рухты нығайтуды және бірлесіп тиімді шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

⚜️ Тренингті университет психологы Г. Исламжанова «Педагогика және психология» факультетінің 2 курс магистранттарымен бірлесе ұйымдастырды.

⚜️ Студенттер бір-бірін тереңірек танып, ұжымдық жұмыстың қаншалықты маңызды екенін түсінді.