Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер: жасанды интеллект лексикамен грамматиканы зерттеу құралы ретінде қолдану

Заманауи технологиялар білім беру процесін тез өзгертіп, шет тілдерін үйренуге жаңа мүмкіндіктер береді. ШТК 113 (IP) тобының студенттеріне арналған «Шетел тілі: екі шетел тілдері» мамандығы бойынша ағылшын тілінен ашық сабақ аясында жасанды интеллекттің лексика мен грамматиканы оқуға интеграциялануы көрсетілді.

Сабақтың мақсаты Леонардо Ди Каприоның өмірбаяны мен жетістіктерін зерделеу, Сондай-ақ грамматикалық құрылымын меңгеру арқылы тілдік дағдыларды дамыту болды. Жасанды интеллектітің қолдануы білімгерлердің белсенділік деңгейін жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар материалдарды оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімдеу арқылы оқу процесін жекелендіруге мүмкіндік берді.

✅ Танымал актер Леонардо Дикаприоның  мансабына байланысты тақырыптық лексиканы үйрену;

✅ Present Perfect Tense практикалар тапсырмалар арқылы  актерді танып білу;

✅ Жасанды интеллекті қолдана отырып ,интерактивті оқу материалды дайындау.

Шетел тілін оқытуда жасанды интеллект интеграциясы жаңа перспективалар ашады, олар: технологиялар динамикалық тапсырмаларды жасауға, нақты уақытта қателерді талдауға және жылдам кері байланыс беруге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл материалды тереңірек меңгеруге және тұрақты тілдік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.

Заманауи білім беру икемділік пен цифрлық инновацияға бейімделуді талап етеді. Жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу тіл үйренудің сапасын арттырып қана қоймай, студенттерді болашақ технологиялармен өзара әрекеттесуге дайындайды.