Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әскери кафедрасы запастағы офицерлерді даярлау бойынша оқуға құжат қабылдайтынын хабарлайды. Офицерлік құрамға қыздар да құжат тапсыра алады.
Бакалаврдың 4 жылдық оқу мерзімімен оқитын студенттер 1 курста, 5 жылдық оқу мерзімімен оқитындар 2 курста құжат тапсырулары керек.
Сонымен қатар, запастағы сержанттар даярлау бағдарламасына 1-2 курс студенттері (4 жыл оқитындар) және 1-3 курс студенттері (5 жыл оқитындар) құжат тапсыра алады.
Құжаттар 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.
#SDG #ЦУР #ТДМ