«Міндетті ушжылдық жұмыс өтемі» бойынша бітіруші түлектермен онлайн кездесу өтті

2025 жылғы 03 сәуірде «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Серікқали Ақзира Серікқалиқызымен педагогикалық және басқа мамандықтар, мемлекеттік білім грантында, ауылдық квота бойынша бітіруші түлектерге арналған «Міндетті үшжылдық жұмыс өтемі» бойынша онлайн форматта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға бакалавриат — 251, магистратура — 67, докторантура бойынша — 16 түлек қатысты. Барлығы: 334.
Іс-шара барысында «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабы 17-тармағының талаптарына, ҚР Үкіметінің 11.08.2023 ж. №403 қаулысымен бекітілген Жас мамандар мен философия докторларын (PhD) жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес ақпарат айтылып, «Қаржы орталығына» қандай құжаттар өткізілу керек екендігі және қандай жағдайда толық жұмысты өтеу міндетінен босатылатындығы туралы т.б. мәліметтер берілді.
Қатысқан бітіруші түлектер әр түрлі сұрақтарына толық жауап алды.

#SDG #ЦУР #ТДМ