Құттықтаймыз!
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Авторитаризм, құқық және заңдылық: Орталық Азияда құқықты қолдануды түсіну»
атты беделді халықаралық жобаның серіктесі атанды.
Жобаның үйлестірушісі — Швециядағы Лунд университетінің құқық социологиясы кафедрасы.
Бұл ынтымақтастық — университетіміздің халықаралық ғылыми зерттеулер мен құқық саласындағы маңызды қадамы.
Еуропа мен Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестік
Орталық Азия елдеріндегі құқықтық жүйелер мен үдерістерді кешенді зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жобаны іске асыруға атсалысатын барша қатысушыларға алғыс білдіріп, ғылыми шабыт, жемісті халықаралық ынтымақтастық және Орталық Азиядағы академиялық диалог пен құқықтық дамуға үлес қосатын маңызды ғылыми нәтижелер тілейміз.
#SDG #ЦУР #ТДМ

