«Адалдық – адамдықтың айнасы»

«Адалдық – адамдықтың айнасы»
2025 жылдың 07 сәуір күні «Адалдық – адамдықтың айнасы» тақырыбында дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттермен еркін форматта кездесу өтті. Кездесуде арнайы спикер ретінде университет комплаенс – офицері Болат Жақсылықұлы баяндама жасады. Баяндама барысында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі саясат, мүдделер қақтығысы, құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық, заң алдындағы жауапкершілік мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Жастар саясаты бөлімінің дінтанушысы Немелбаев Еркебұлан рухани мәдениет, діни құндылықтар тұрғысынан жемқорлыққа қарсы адам бойындағы адамгершілік, ізеттілік, мейірімділік, адалдық мәселелері бойынша студенттерге мәлімет берді.
Кездесу соңында жемқорлыққа қатысты сұрақтарға толық жауап беріліп, білімгерлер тарапынан туындаған ұсыныстар назарға алынды.