Кәсіби бағытталған шетел тілі пәні «Журналистика» мамандық білімгерлерінің ағылшын тілінен интерью арқылы өзіндік жұмысы

Бұл жоба білімгерлердің Кәсіби бағытталған шетел тілі пәні аясында жүргізген өзіндік жұмысын сипаттайды. «Журналистика» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер үшін ағылшын тілін меңгеру тек тілдік дағдыларды дамытуға ғана емес, сондай-ақ өздерінің кәсіби салада қажетті ақпараттарды жинау, оны талдау және кәсіби пікір қалыптастыру қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Осы жұмыстың негізгі мақсаты – студенттерге шетел тіліндегі интервью арқылы журналистика саласына қатысты лексика мен сөйлеу дағдыларын меңгерту.

«Журналистика» мамандығының 2-курс білімгерлері өзіндік жұмысы аясында кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандық оқытушылары мен білімгерлерінен  сұхбат алу тәжірибесін жүзеге асырды. Шетел тілі мамандығының білімгерлері мен оқытушылары сұхбат беру барысында өздері жайлы қызықты ақпараттармен , жеке тәжірибелерімен және қызықты естеліктерімен  бөлісті.

Әңгімелесу кезінде студенттер сұхбат жүргізу әдістерін тәжірибеде қолдана отырып, кәсіби бағыттағы тілдік дағдыларын жетілдірді. Бұл тәжірибе болашақ журналистердің кәсіби жолында маңызды рөл атқарып, тілдік және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға септігін тигізді. Болашақ журналистер алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби қарым-қатынас дағдыларын жаңа деңгейге көтеріп, тіл меңгерудегі жетістіктерін айқын көрсетті. Тәжірибе нәтижесінде студенттер өзара пікір алмасып, ақпарат жинау мен оны талдау дағдыларын жетілдірді.

 Бұл өзіндік жұмыс студенттердің ағылшын тілінде кәсіби сұхбат жүргізу дағдыларын жетілдіруге көмектесті. Журналистика саласында жұмыс істейтін маман болуға қажетті тілдік және мәдени дағдыларды дамытуға бағытталған бұл тапсырма студенттердің өз саладағы сұрақтар мен мәселелерге қатысты ағылшын тілінде пікір білдіре алуына мүмкіндік берді.