Шығармашылық білім беру кәсіптік бағдар беру жұмысы

17.04.2025 ж. Дене шынықтыру және өнер факультетінің шығармашылық білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы Жетісу құрылыс-техникалық колледжінің «Интерьер дизайны» тобының бітіруші түлектерімен және оқытушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізді.

Кездесу барысында осы білім беру ұйымдарының түлектерімен және оқытушыларымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, оларға университет туралы ақпарат берілді.

6В02101 – «Дизайн», 6В01406 – «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламалары бойынша аталмыш оқу орнының түлектері кафедра қызметкерлерімен тілдесіп, білім алуға және оқуға қабылдауға байланысты өз сұрақтарын қойды.түлектер мен оқытушылардың сұрақтарына түсу үшін нақты бағдарлар мен жауаптар берілді.