Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Жетісу университетіне келді.

«Менің елім» тарихи-өлкетанымдық жобасы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне келді.

Елорда жастарын І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев қабылдады.

«Жетісу — тарихи географиялық аймақ. Жоба аясында қаламыздың көрікті жерлерін аралап, тарихи-мәдени орындарымен танысып, жақсы көңіл-күй, тамаша әсермен қайтады деп сенемін. Осы өңірдегі іргелі оқу орны, жарты ғасырдан астам тарихы бар Жетісу университетіне қош келдіңіздер!»- деді ректор Е. Бөрібаев.

Қазақстан студенттерінің Альянсы Жетісу университеті филиалының төрағасы, Жастар саясаты бөлімінің омбудсмені, Жаратылыстану-техникалық факультетінің студенттік деканы Нұржан Койчубеков жобаның екі университет жастарының мәдени қалыптасуы, азаматтық даму жолында өзара тәжірибе алмасуына мұрындық болатынын айтты.
Қонақтар білім ордасын аралап, материалдық-техникалық базасымен танысты.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Наурыз мерекесіне арналған іс-шарасына қатысып, концерттік бағдарламасын тамашалады.

#SDG #ЦУР #ТДМ