Физика-математика факультетінде ғылым декадасы аясында «Ғалым – Ғылым – Ғұмыр» тақырыбында еске алу кеші өткізілді.
Іс-шара барысында физика-математика факультетінде көп жылдар бойы еңбек еткен көрнекті ғалымдардың өмірбаяны, ғылыми қызметі мен еңбектері таныстырылды. Сонымен қатар, естелік кешінде Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын 30 жыл зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның ғылыми мұрасы таныстырылды.
Іс-шара барлық қатысушылар үшін қызықты өтті.
Ғалымдардың өмір жолы мен еңбектері – бізге ғылымның ұлы мұраттарын ұғындырып, жаңа ғылыми жетістіктер мен жаңалықтарға жетелеуші шамшырақ. Олардың ізденісі мен табандылығы бүгінгі және келер ұрпаққа үлкен шабыт, болашаққа бағыт береді.


