«Репродуктивтік денсаулық»

24 сәуір 2025 жылы Дене шынықтыру және өнер факультетінің медицина ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскері Г.Б. Галиева* «Репродуктивтік денсаулық» тақырыбында профессор-оқытушы құрамы және білім алушылары арасында семинар өткізді.

Семинар барысында репродуктивтік денсаулықтың маңызы, оның сақталуы, жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен қарастырылды. Қатысушылар тақырып аясында сұрақтар қойып, белсенді пікірталас жүргізді.