«Буллинг және Кибербуллинг» тәрбие сағат

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Тохтаров «Буллинг және Кибербуллинг» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағаты барысында қатысушыларға буллинг пен кибербуллингтің түрлері, себептері және оның жастар психологиясына тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, құқықтық жауапкершілік пен алдын алу жолдары талқыланып, студенттермен ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.

Мақсаты: білім алушылар арасында қауіпсіз орта қалыптастыру, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.