Дене шынықтыру және өнер факультетінде «STEM, CLIL технологиялары және жасанды интеллект арқылы оқу үдерісін модельдеу» тақырыбында шебер-сынып өтті.

2025 жылдың 20 мамырында Дене шынықтыру және өнер факультетінде «STEM, CLIL технологиялары және жасанды интеллект арқылы оқу үдерісін модельдеу» атты шебер-сынып ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – білім беру процесін заманауи технологиялар арқылы жетілдіру, мұғалімдердің креативтілігін арттыру және цифрлық құралдарды тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісу болды.

Шебер-сынып барысында п.ғ.к. А.Куракбаева STEAM білім беру тәсілінің тиімділігін таныстырып, оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық дағдыларын дамыту жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, PhD Шагатаева З.Е. «Киімге арналған декор және басып шығару: жасанды интеллект идеялары» тақырыбында шебер-сынып өткізіп, жасанды интеллект көмегімен сәндік шешімдерді жобалау тәсілдерін көрсетті. А. Бараков өз шебер-сыныбында визуалды мазмұнды жасауға арналған нейрожелілік бағдарламалармен жұмыс істеу жолдарын таныстырып, болашақ өнер нысандарын құрудағы педагогикалық және шығармашылық мүмкіндіктерді көрсетті, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А. Усенова «Нейрожелілермен музыкалық импровизация» тақырыбындағы презентациясында «Музыкадағы нейрожелілер» ұғымын, музыкалық білім берудегі нейрожелілердің сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін ашты; негізгі алгоритмдерді көрсетті.

Іс-шарада педагогтер жасанды интеллект құралдарын (ChatGPT, 3D үлгілеу, Suno AI, Magenta Studio, Capilot, цифрлық текстура генерациясы) оқу процесіне енгізудің тәжірибелік тәсілдерін меңгеріп, тәжірибе алмасты.