⚜️ ҚР жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиада аясында өткен жарыстарда Жетісу университетінің спортшы студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
⚜️ Жеңіл атлетикадан қыздар арасындағы 1500 метр қашықтыққа жүгіру сайысында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенті Аяна Болатбекқызы алтын медаль жеңіп алса, ерлер арасындағы осы қашықтықта 3-курс студенті Айбол Омаров та бірінші орынды иеленіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, Ақбаян Нұрмәмет 1500 метрлік жарыста үшінші орынды иеленіп, қола медальмен марапатталды.
⚜️ Сондай-ақ, 4×100 метрлік эстафеталық жарыста Жетісу университетінің құрама командасы үшінші орын алып, Универсиада жүлдегерлері қатарынан көрінді. Команда құрамында Ақбаян Нұрмәмет, Аяна Болатбекқызы, Анель Нұрмұхамбет және Сания Құдайберген өнер көрсетті.



