«Ерлік» әскери-патриоттық еріктілер тобы

2025 жылғы 31 мамырда Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері К. Джанабаев «Ерлік» әскери-патриоттық еріктілер тобымен бірге Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай музейге барып, тағзым етті.

Іс-шара барысында студенттер ХХ ғасырдың ауыр тарихи кезеңдерімен, қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың өмірімен танысып, тарихи әділеттіліктің маңызын терең түсінді. Бұл сапар жастардың ел тарихына деген құрметін арттырып, азаматтық сананы қалыптастыруға ықпал етті.

Мақсаты:
Тарихи жадыны сақтау, саяси қуғын-сүргін құрбандарына құрмет көрсету және студенттердің отансүйгіштік рухын нығайту.