















І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында Ашық білім беру орталығы өз жұмысын бастады. Аталған орталық елдер арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетіп, білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаң болмақ.
«Менің тарихым» гуманитарлық ғылымдар қоры мен Ресей Федерациясы Білім министрлігінің қолдауымен 2025 жылы Қазақстандағы 400-ден астам тыңдаушы орыс тілі мен мәдениетін тереңірек меңгеріп, өз көкжиегін кеңейтіп, жаңа серіктестік мүмкіндіктерін де ашады.
Салтанатты рәсімге Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Дмитрий Александрович Тураев, Бас консулдың орынбасары Андрей Владимирович Константинов, сондай-ақ Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі басшысының орынбасары Мария Сергеевна Симакова қатысты.
Өз құттықтау сөзінде Дмитрий Александрович Тураев: «Бүгін біз болашақтың іргетасына алғашқы кірпішті қалап отырмыз. Бұл болашақта басты құндылық – Сөз болмақ. Ғасырлар бойы халықтарды, мәдениеттерді және тағдырларды Еуразия кеңістігінде байланыстырып келген орыс сөзі бүгін де сол миссиясын жалғастыра береді», — деп атап өтті.
Іс-шара барасында көпшіліктің назарын аударған бастамалардың бірі – «Қазақстан ЖОО студенттеріне арналған орыс тілі мектебі «Учусь великому» («Ұлыдан үйренемін») атты білім беру жобасы болды.
2025 жылдың 8–11 қыркүйегі аралығында Жетісу университетінде орыс тілін оқытуға байланысты мамандықтарда білім алатын студенттер ШОТ (шетелдіктерге арналған орыс тілі) бойынша жаңа білімді меңгереді. Бағдарлама мазмұны ауқымды әрі жан-жақты:
- Оқыту сабағы: «ШОТ сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері. Сабаққа қойылатын талаптар»
- Педагогикалық квест: «Орыс тілінің лабиринттерінде»
- Кино көрсетілімі бар оқыту сабағы: «Кинопедагогика: фильм сабақты қалай үйретеді?»
- Шеберлік сыныптары:
«ШОТ сабақтарында цифрлық ресурстарды қолдану»
«Ойын технологияларының мүмкіндіктері»
Бұл тек жоспарланған іс-шаралардың тек бір бөлігі ғана. Қатысушыларды одан да ауқымды тәжірибе, пікір алмасу және пайдалы нәтижелер күтеді. Мұның барлығы олардың кәсіби жолында сенімді маман болып қалыптасуына ықпал етеді.
Барлық қатысушыларға шабыт, жарқын жетістіктер мен сәтті бастама тілейміз!
#SDG #ЦУР #ТДМ

