09.09.2025 жылы Дене шынықтыру және өнер факультетінің деканы, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылары Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауын талқылап, қолдау білдірді.
Жиын барысында Жолдауда айтылған негізгі басым бағыттар мен ел дамуына қатысты маңызды бастамалар кеңінен сараланып, әлеуметтік-экономикалық өсімге бағытталған нақты қадамдарға оң баға берілді. Оқытушылар мен білім алушылар өз пікірлерін ортаға салып, әсіресе білім мен ғылым саласындағы жаңашыл өзгерістерге қолдау білдірді.
Іс-шараның мақсаты – Жолдауда көтерілген өзекті мәселелерді талқылау арқылы азаматтық белсенділікті арттыру және білім беру саласындағы реформаларға қолдау көрсету.

