Білім – болашақтың кепілі!

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауы жарияланған болатын. Осыған орай Дене шынықтыру және өнер факультетінде Жолдауды талқылау мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқытушы-дәріскер Өзенбаев Мергенбай Рамазанұлы мен оқытушы-ассистент Абден Асылбек Қайратұлы студенттермен ашық пікір алмасып, ел дамуы жолындағы маңызды басымдықтарды атап өтті.
Жастарды елжандылыққа, белсенді азамат болуға, білім мен еңбек арқылы биік белестерге жетуге үндеп, «Болашақ – жастардың қолында!» деген сенімді оймен қорытындылады.