Жолдастық кездесу

1 Қазан – Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер және Жаратылыстану-техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы арасында футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Бұл шара ұжымдық бірлікті арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.