1 Қазан – Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күнімен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессор-оқытушылар құрамын шын жүректен құттықтаймыз!

Білім мен ғылым жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз, ұрпақ тәрбиесіндегі үлестеріңіз– ел ертеңінің іргетасы.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге табыс пен жеміс тілейміз!
Әр шәкіртіңіз – сіздердің білімдеріңіз бен жүректеріңізден нәр алып, биік белестерді бағындыра берсін!
Құрмет пен алғысқа бөлене беріңіздер!