«Лудомания – Құмар ойын – қауіпті әдет»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Аннабигин «Лудомания – Құмар ойын – қауіпті әдет» тақырыбында ДШҚ 112, ДШҚ 213, ФКР 211 топтарының білім алушыларымен семинар өткізді.

Іс-шара барысында лудоманияның зияны, құмар ойындарының психологиялық және әлеуметтік салдары кеңінен талқыланды. Білімгерлер тақырыпқа белсене араласып, өз ой-пікірлерін білдірді.
Мақсат – жастардың санасында құмар ойындарға қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.