«Тәуелсіз елдің жас спортшылары»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері арасында 25 қазан Республика күнінің 35 жыл толуына орай «Тәуелсіз елдің жас спортшылары» атты футбол жарысы өткізілді.
Мақсаты:

  • салауатты өмір салтын насихаттау.
  • жекелей спорттық шеберлікті жетілдіру.
  • студенттердің денсаулығын және қарым-қатынасты нығайту.
    Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар:
    1 орын — 3-курс білім алушыларынан құралған «Кәлпе» командасы
    2 орын — 4-курс білім алушыларынан құралған «Жетісу» командасы
    3 орын — 2-курс білім алушыларынан құралған «Номад» командасы