2025 жылғы 22 қазанда Астана қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен агрохакатон байқауында
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары «Enactus Zhetysu» командасының белсенді мүшелері Рахым Асқар мен Әділбекұлы Данияр ІІ орын және 300 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.
200-ге жуық команда бақ сынаған бұл республикалық додада біздің студенттер үздік он алты команданың қатарынан көрініп, ақтық кезеңге дейін жетті.
Жастарымыздың білім мен идеяны ұштастырып, ауыл шаруашылығы саласына қосқан үлесі — болашаққа жасалған сенімді қадам!
Жетістіктеріңіз жалғасын таба берсін! 💐🇰🇿


