2025 жылдың 25-30 қазан күндері Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Әлихан Әскербай топ жарды.
Әскербай 172 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасында әлем, Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты.
◾ Жұлқа көтеруде — 144 келі, бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасындағы жаңа әлемдік рекорд ретінде тіркелді.
◾ Серпе көтеруде де үздік шығып, екі сайыста чемпион атанды.
◾ 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен білімгеріміз екі алтын медаль иеленді.
Әлихан Әскербай жарыс барысында жалпы алты рекорд жаңартты.






