Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Бараков «Жарнама және баспа графикасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында жарнамалық дизайн мен баспа графикасының негізгі ұғымдары, олардың қазіргі замандағы қолданылу ерекшеліктері қарастырылып, студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар орындалды.

