Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары қаламыздағы «Облыстық мамандандырылған бөбектер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабырғаларын әрлеп, сурет салып көмек көрсетті. Бұл игі іс балалардың көңілін көтеріп, мекеме ішіне жылы атмосфера сыйлады.

