Ішкі академиялық ұтқырлық

2025 жылдың 13–31 қазан аралығында Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша білім беру бағдарламаларының сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде іс-шара өтті.

Бағдарлама аясында Astana IT University оқытушысы, философия докторы (PhD) Айвар Сахипов 6В06102 – «Базы данных в информационных системах» пәні бойынша «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының бакалавриат студенттеріне дәріс оқып, зертханалық жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында студенттерге ақпараттық технологиялар саласында ғылыми зерттеулер жүргізудің негізгі қағидаттары, сондай-ақ мәліметтер базасымен жұмыс істеудің теориялық және практикалық аспектілері бойынша білім берілді.

Студенттер шағын ғылыми жобаларды орындап, түрлі бағдарламалау тілдерімен жұмыс жасады. Интерактивті әдіспен өткен дәрісті, зертханалық сабақтарды студенттер қызығушылықпен талқылады.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant