13 қараша – Дүниежүзілік мейірімділік күніне орай І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Шабыт» еріктілер тобы қаламыздағы «Облыстық мамандандырылған бөбектер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, мекеме қабырғаларын әсемдеп, түрлі суреттер салып, көркемдік көмек көрсетті.
Игі іс балалардың қуанышын арттырып, еріктілердің қоғамға деген жанашырлығын танытты.

