ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жапония астанасы Токио қаласында өткен Сурдлимпиада ойындарында Грек-рим күресінен
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы
Әбдрасіл Рамазан Алмасұлы 97 кг салмақ дәрежесінде жүлделі III орынды иеленді.

Бұл жетістік – тынымсыз еңбек пен табандылықтың, жанқиярлық дайындықтың жарқын нәтижесі.
Рамазанға алғысымызды білдіре отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз! 🇰🇿🥉