Факультет деканы Утегенов Ерлан Казбекович, декан орынбасарлары және кафедра меңгерушілері қатысқан жиналыста бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
Күн тәртібіндегі сұрақтар:
- Академиялық адалдық саясатын сақтау
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары
- Қысқы сессияға дайындық барысы
Кездесу барысында білім алушылардың жауапкершілігін арттыру, адалдық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ сессияны сәтті аяқтау мақсатында атқарылатын жұмыстар талқыланды.

