«Осы жұрт Ілиясты біле ме екен?» хакатоны

Жастардың Ілияс Жансүгіровтің еңбектеріне қызығушылығын ояту, ғылыми жоба жазуға дағдыландыру, мәнерлеп оқу, буктрейлер жасау және шығармашылық жұмысты командалық форматта орындауға машықтандыру мақсатында «Осы жұрт Ілиясты біле ме екен?» атты университетшілік хакатон өтті. Негізгі идеясы: Ілияс Жансүгіров шығармашылығын ЖИ платформалары арқылы танытып, студенттердің зерттеу, талдау, оқылым және цифрлық дағдыларын дамыту.

Әділ қазы алқасы құрамында Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің директоры Жауынбаева Нұргүл және білім ордасының түлектері – “Жетісу” телеарнасы “Арнайы репортаж” бағдарламасының редакторы Айгерім Серікханқызы мен “Jetisŷ” газетінің жауапты хатшысы, журналист Кенебай Еңлік төрелік етті.

Ақтық сында гуманитарлық, физика-математика және педагогика-психология факультеттерінің 1-2 курс білім алушылары цифрлы жобаларын қорғап, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды, әрі буктрейлерін таныстырды.

Хакатон жеңімпаздарына дипломдар, сыйлықтар табысталып, олардың ғылыми сарапшылары алғыс хаттармен марапатталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant