«Өзгермелі парадигмалар тұсындағы құндылықтар: ХХІ ғасырдағы тұлға, қоғам және өркениет бағдары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен «Өзгермелі парадигмалар тұсындағы құндылықтар: ХХІ ғасырдағы тұлға, қоғам және өркениет бағдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына қазақстандық және шетелдің жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, Жетісу облысы әкімінің орынбасары М.Көлбаев, облыстық мәслихат төрайымы Г.Тойлыбаева қатысты.

Пленарлық мәжілісті Басқарма төрағасы — ректор Ермек Бөрібаев жүргізіп, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің арнайы жолдаған алғы сөзімен ашты.

Конференция мақсаты: Қазіргі жаһандану, технологиялық серпіліс және қоғамдық құндылықтардың үдемелі трансформациясы жағдайында тұлға, қоғам және өркениеттің дамуына ықпал ететін жаңа бағыттарды айқындау.

Пленарлық мәжілісте ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Иммануил Кант атындағы Балтық федералды университеті, (Ресей), Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университеті, Раззакова атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің ғалымдары баяндама оқыды.

Пленарлық мәжіліс соңында А.Кулсариева мен Е.Бөрібаевтың редакторлығымен жарық көрген «Парадигмы ценностных установок и ценностного сознания в казахстанском обществе: тренды, динамика, переспективы» ұжымдық монографияның тұсаукесері өтті.

Конференцияның секциялық мәжілісі «Құндылықтарды зерттеудің философиялық негіздері мен әдіснамасы», «Цифрландыру мен жасанды интеллект (ЖИ) жағдайындағы тұлға құндылықтары сынақ әрі мүмкіндік ретінде», «Қоғам және құндылықтар: дәстүр және жаңғыру», «Мәдениетаралық коммуникация және өркениеттер диалогы», «Әдебиет пен өнер құндылықтарды сақтаушы ретінде», «ХХІ ғасырдың құндылық бағдары аясындағы білім мен тәрбие» бағыттары бойынша өтті.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ғалымдар үшін ХХІ ғасырда адамның тұлғалық дамуы, қоғамдық институттардың тұрақтылығы және өркениеттік прогрестің үйлесімді траекторияларын талқылау, сондай-ақ гуманитарлық, әлеуметтік, мәдени және философиялық салалардағы ғылыми пікір алмасу алаңы болды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant