Год: 2025

Волейболдан Ректор кубогы

13–14 қарашада волейболдан І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері (ұлдар) арасындағы Басқарма Төрағасы – Ректор кубогы жарысы өтті. Жарысқа Жаратылыстану-техникалық, Физика-математика, Педагогика және психология, Құқық және экономика, Гуманитарлық факультеттер және Жансүгіров колледжі бойынша алты команда қатысты. Номинациялар бойынша Маратұлы Тілеуқабыл – Үздік қорғаушы, Нүсіпбек Еркебұлан – Үздік үйлестіруші, Амантай Әрсен – Үздік шабуылшы, Дюсенов Мереке …

Волейболдан Ректор кубогы Read More »

Пәндік олимпиада

Физика-математика факультеті «Ақпараттық технологиялар және Жасанды интеллект» кафедрасының ұйымдастыруымен ақпараттық жүйелер жасанды интеллект инжинирингі, smart жүйелерді жобалау, ақпараттық жүйелердің архитектурасы білім беру бағдарламалары бойынша «Пәндік олимпиада» өтеді.

Заң мен тәртіп — еркін болашақ кепілі

Құқық және экономика факультетінің студенттері Талдықорған қаласы прокуратурасының мемлекеттік айыпты қолдау бөлімінің аға прокуроры Дана Сәрсенбаймен кездесті. Кездесуді әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев жүргізіп, Дана Нұрланқызы елімізге танымал жас прокурор, Жетісу университетінің түлегі екенін жеткізді. «Дана Сәрсенбай – жаңа буын прокурорларының өкілі. Өздеріңіз білесіздер, Дана қоғамда үлкен резонанс тудырған Шерзат Полаттың …

Заң мен тәртіп — еркін болашақ кепілі Read More »

«Заң үстемдігі – тұрақтылық кепілі»

Дене шынықтыру және факультетінің оқытушы-ассистенті А.Абден ДШҚ 311,312 топтарымен «Заң үстемдігі – тұрақтылық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: Студенттерге құқықтық тәртіптің маңызын түсіндіру, заңға бағынудың азаматтық жауапкершілік екенін ұғындыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.

CyberScholar веб-қосымшасының пилоттық апробациясы әлемнің Топ 50 үздік университеттерінің қатарындағы   Иллинойс Урбана-Шампейн университетімен (АҚШ) бірлесе өтті

2025 жылғы 14 қарашада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Huawei АКТ академиясында AP25794537 “Жасанды интеллект тілдік емес мамандықтар студенттерінің академиялық ағылшын тілін меңгерудегі көмекшісі ретінде: рандомизацияланған зерттеу” атты ғылыми жобасы аясында CyberScholar веб-қосымшасының пилоттық апробациясы өтті. Іс-шараға АҚШ-тың Иллинойс Урбана–Шампейн университетінің (UIUC) зерттеушісі, PhD Vania Castro арнайы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Әлемнің ең үздік 50 …

CyberScholar веб-қосымшасының пилоттық апробациясы әлемнің Топ 50 үздік университеттерінің қатарындағы   Иллинойс Урбана-Шампейн университетімен (АҚШ) бірлесе өтті Read More »

«Жылдың үздік параспортшысы»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Қуаныш Асқарбековты «Халық сүйіктісі» байқауында «Жылдың үздік параспортшысы» номинациясы бойынша жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл жеңіс — қажырлы еңбек пен рухтың мықтылығын дәлелдейтін зор жетістік. Алдағы спорттық жолыңыз жарқын жеңістерге толы болсын!Біз Сізбен мақтанамыз! 💪

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 8–15 қараша күндері Тайланд астанасы Бангкок қаласында өткен джиу-джитсудан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары жоғары нәтиже көрсетті:🥈 Кенжебай Дарын – жастар (U21) арасында 62 кг салмақта ІІ орын🥈 Талғатқызы Данагүл – жастар арасында 70 кг салмақта ІІ орын🥈 Байбатыр Бекжан …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

«Ұлттық диктант» жобасы аясында студенттерге диктант ұйымдастырылды

14 қараша күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары «Ұлттық диктант» республикалық жобасы аясында университет студенттеріне диктант жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, жастардың жазу сауаттылығын арттыру және тіл мәдениетін нығайту. «Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, азаматтардың сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жалпы республикалық …

«Ұлттық диктант» жобасы аясында студенттерге диктант ұйымдастырылды Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 8–15 қазан күндері Ақтау қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттердің арасында Бочча спортынан халықаралық турнирдеІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысыАсқарбеков Қуаныш жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл жеңіс – Қуаныштың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.Жеңісің құтты болсын, Қуаныш! Жаңа жетістіктерге жете бер! 🥉

AI Assistant