Год: 2025

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!!

📌 І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасына 2025 жылғы талапкерлер ретінде төмендегі жетістіктерге жеткен спортшылар шығармашылық емтихан тапсыруда:Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионы Әскербай Алихан.Алихан 3 Азия және 3 Әлем рекордын жаңартты.Құрманбек Ақжол Азия чемпионатының күміс жүлдегері Астана 04-07.07.2025 ж.Жаттықтырушысы: Дене шынықтыру және өнер факультетінің түлегі С.Седов. 📌 Дзюдо …

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!! Read More »

Сенат депутаты университет жұмысымен танысты

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Сенат депутаты  Амангелді Толамисов арнайы келді. Халық қалаулысы алдымен Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаевпен кездесіп, оқу орнының тыныс-тіршілігімен, қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты.   Жұмыс сапары барысында Амангелді Ғабдылкәрімұлы университет  базасында ашылған Марке политехникалық университетінің филиалына да арнайы ат басын бұрды. Облысқа қажетті аграрлық сала мамандарын  даярлау,  қос дипломды білім беру …

Сенат депутаты университет жұмысымен танысты Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Абай атындағы ҚазҰПУ-де жас ғалымдарға PhD докторы дипломдарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Педагогика және психология факультетінің оқытушы-дәріскерлері Ажар Абуханова мен Айнаш Исабекова PhD докторы дипломын алды. Диплом иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз, ғылым жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! #SDG #ЦУР #ТДМ

Спорттағы жетістіктері

🏆 Бүгін Жетісу университетінің ұжымы Түркістан қаласында өткен ҚР жоғары оқу орындары арасындағы ХІІІ жазғы Универсиада жеңімпаздарына құрмет көрсетті. ⚜️ Басқарма Төрағасы — ректор Ермек Бөрібаев спортшы студенттерге және олардың бапкерлеріне алғыс айтты. ⚜️ «Еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен Универсиадаға еліміздің 76 жоғары оқу орны қатысты. Жетпіс алты университеттің ішінде Жетісу университеті 8 орыннан көрінді. …

Спорттағы жетістіктері Read More »

Жарқын елдің болашағы – жас маман

ЖУ-да диплом табыстау рәсімі ерекше форматта өтті Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының кең залы екі күн қатарынан көрерменге лық толы болды. Жүздері бал-бұл жанған түлектер мен ата-аналар, олардың ет жақындары шексіз қуанышқа бөленген шат-шадыман, салтанатты шара өз мәресіне жетті. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетін биыл 1044 түлек бітіріп үлкен өмірге жолдама алды. Ал 113 …

Жарқын елдің болашағы – жас маман Read More »

Академиялық ұтқырлық аясындағы дәріс

Жаратылыстану-техникалық факультетінің «Экология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық аясында білімдерін шыңдауда. Оларға Камерино университетінің философия докторы Flavio Stimilli «Methods of environmental design-Ecological» пәні бойынша дәріс берді. Семинар «The blue gold in a changing climate: how a primary resource is becoming a mixed blessing for the sustainability of our modern societies» тақырыбында …

Академиялық ұтқырлық аясындағы дәріс Read More »

Құттықтаймыз!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев пен Гуманитарлық факультеттің қауымдастырылған профессоры Назгүл Байғабатова «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Мерекелік медальді Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев салтанатты түрде табыстады. «Бұл марапат – Сіздердің ғылым мен жоғары білім беру саласындағы адал еңбектеріңізге деген зор құрметтің белгісі. …

Құттықтаймыз! Read More »

Сыртқы академиялық ұтқырлық

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025 жылдың 26 маусым күні Жаратылыстану техникалық факультетінің Экология және ауыл шаруашылығы кафедрасы 6В05201-«Экология» білім беру бағдарламасының 3 курс білімгерлеріне Камерино университетінің (Италия, Камерино қаласы) философия докторы Flavio Stimilli «Methods of environmental design-Ecological» пәні бойынша «The blue gold in a changing climate: how a primary resource is becoming a mixed …

Сыртқы академиялық ұтқырлық Read More »

«Көркем өнер»

02.07.2025 жылы Талдықорған қаласындағы Жетісу облыстық «Көркемөнер» галереясында Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.М. Адамқұловтың Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырған «Ата мұралары» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

AI Assistant