Год: 2025

«Таза сессия»

2025 жылдың 9 желтоқсанында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының ХГПр-111 студенттерімен топ кураторы оқытушы-ассистенті С.Матальцкий «Таза сессия» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.Кураторлық сағат барысында қысқы емтихан сессиясының ережелері түсіндіріліп, талаптары кеңінен талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды.

“Таза сессия”

Дене шынықтыру және өнер факультетінің ДШҚ 116, 211, 212 топтарының кураторы М.Заманбеков “Таза сессия” акциясы аясында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – студенттердің бойында адалдық пен әділдікке деген саналы көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ емтихан кезеңінде академиялық тәртіп пен ережелерді сақтаудың маңызын түсіндіру.

«AI Fusion Quiz» КВИЗ-і

Жетісу ниверситетінде алғаш рет факультеттер мен Zhansugurov College студенттері арасында «AI-SANA» бағдарламасын дәріптеу және цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында жалпыуниверситеттік «AI Fusion Quiz» КВИЗ-і өтті. Байқау жеңімпаздарын Цифрландыру және стратегиялық даму жөніндегі проректор Тимур Жұмагұлов құттықтады. Ол «AI SANA» бағдарламасы туралы жалпы мағлұмат беріп, студенттерді бағдарламаға белсенді қатысуға шақырды. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтар және дипломмен …

«AI Fusion Quiz» КВИЗ-і Read More »

Дене шынықтыру және өнер факультетінде «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында кездесу өткіздік.

Факультет деканы Утегенов Ерлан Казбекович, декан орынбасарлары және кафедра меңгерушілері қатысқан жиналыста бірқатар маңызды мәселелер қаралды:Күн тәртібіндегі сұрақтар:

Конференцияға қатысу

2025 жылғы 4 желтоқсанда ғылыми жұмыс жөніндегі деканның орынбасары Асылжан Омаровна Есимбекова Кар-Ниязи атындағы Ұлттық тәрбие педагогикасы институты (Ташкент қ., Өзбекстан) ұйымдастырған «Тұлғалық мәнді білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың инновациялық модельдері және оны педагогикалық үдеріске трансформациялау тетіктері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференцияның мақсаты – Өзбекстан Республикасында және шетелдерде үздіксіз білім беру жүйесінде тұлғаны тәрбиелеудің …

Конференцияға қатысу Read More »

Жетісу университеті UI GreenMetric 2025 рейтингінде Қазақстанның үздік 7 ЖОО қатарында

Сүйінші! Жетісу университеті UI GreenMetric World University Rankings 2025 рейтингісінде тұрақты дамуы бойынша 83 позицияға жоғарылап, әлем университеттері арасында 721, Қазақстанның 30 ЖОО арасында 7-орынды иеленді. Аталмыш рейтингке 105 мемлекеттен 1745 университет қатысты. Рейтингтің мақсаты — әлем бойынша университеттердің тұрақты дамуы мен институционалдық жетілдірілуін бағалау. Тұрақты даму және сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатының арқасында қол …

Жетісу университеті UI GreenMetric 2025 рейтингінде Қазақстанның үздік 7 ЖОО қатарында Read More »

Алдын ала қорғау

Құрметті әріптестер, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар! Сіздерді І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Клычниязова Гульнар Нургалиевнаның  «Мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың айтылым мәдениетін қалыптастыру әдістемесі  (8-сынып)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының алдын ала қорғауына шақырамыз. Ғылыми кеңесшілер: Г.Т.Сырлыбаева  –  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, филология …

Алдын ала қорғау Read More »

Хабарландыру!

Тақырыбы: «Осы жұрт Ілиясты біле ме екен?» университетішілік хакатон. Мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің еңбектеріне қызығушылығын ояту, ғылыми жоба жазуға дағдыландыру, мәнерлеп оқу, буктрейлер жасау және шығармашылық жұмысты командалық форматта орындау. Негізгі идея: Ілияс Жансүгіров шығармашылығын жаңа форматта танытып, студенттердің зерттеу, талдау, шығармашылық және цифрлық құзыреттілігін дамыту. Қатысушылар: 2 курс білім алушылары Ұйымдастырушы-модератор: Қазақ тілі мен әдебиеті …

Хабарландыру! Read More »

Алдын ала қорғау

Құрметті әріптестер, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар! Сіздерді І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Акажанова Алмагуль Аманжоловнаның  «Қазақ ұлттық ойындары арқылы мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың лингвистикалық және әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының алдын ала қорғауына шақырамыз. Ғылыми кеңесшілер:А.  Абызова – І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, …

Алдын ала қорғау Read More »

Құттықтаймыз!

Астанада ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Құрманбек Ақжолсерпе көтеруде – 152 кг,жұлқа көтеруде – 200 кг нәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартып, чемпион атанды! Ақжолды жеңісімен құттықтап, алдағы спорттық жарыстарда толағай табыс тілейміз! #SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant