Год: 2025

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРҒАУЫНА ШАҚЫРУ

Құрметті әріптестер, оқытушылар, докторанттар және магистранттар!Сіздерді Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Арайлым Аманжолованың «Жоғары сынып оқушыларының тілдік тұлғасын дамыту әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының алдын ала қорғауына шақырамыз.📅 Күні: 05 наурыз 2025 жыл🕒 Уақыты: 15:00📍 Өтетін орны: Ілияс Жансүгіров …

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРҒАУЫНА ШАҚЫРУ Read More »

Көшбасшылық дәріс

2025 жылдың 14 ақпанында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Гуманитарлық факультет Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі, PhD Ринат Серікұлы Жуматаев Қазақстан археологиясының өзекті мәселелері бойынша көшбасшылық дәріс өткізді. Дәріс барысында студенттер «Шілікті-Тарбағатай» және «Жетісу» археологиялық экспедициясының зерттеулерімен танысты. Зерттеу нәтижелері студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. …

Көшбасшылық дәріс Read More »

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

Елімізде қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар үлкен экологиялық проблемалардың біріне айналып отыр. Қоқыс қалдықтары – қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Аяла» және «Жасыл ел» студенттік бірлестіктері қала тұрғындары мен қонақтарын табиғатты таза ұстауға шақырды. Олар «Біздің денсаулығымыз, салауатты өмір сүруіміз табиғатпен тікелей байланысты. Бірігіп, қаламызды таза етейік!» …

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Read More »

Ректор университеттің Enactus командаларымен кездесті

Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев университеттің Enactus командаларымен кездесті. Кездесуде командалар «Enactus Kazakhstan» Ұлттық Кубогына дайындап жатқан жобаларын таныстырды. Enactus Zhetysu командасы Luxe Сталь, Barbox жобаларын ұсынды. Luxe Сталь — пайдалы бактериялар мен саңырауқұлақтар негізінде тамақ қалдықтарын өңдеуге арналған компостері бар гидропоникалық ферманы өндіру мақсатында металл құрылымымен жұмыс істеу жобасы. Barbox — макулатураны, өсімдік …

Ректор университеттің Enactus командаларымен кездесті Read More »

AP19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» мемлекеттік гранттық қаржыландыру жобасы аясында мүшелері Малайзия, Куала-Лумпур қаласындағы Management and Science университетінде болды.

2025 жылдың 14-18 ақпан аралығында 2023-2025 жылдарға арналған 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» AP19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» мемлекеттік гранттық қаржыландыру жобасы аясында мүшелері А.С. Таурбекова, Б.К. Кыстаубаева, А.Т. Тынысханова, А.О. Есимбекова Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Management and Science университетіне іс-сапармен келді. Сапар тәжірибе …

AP19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» мемлекеттік гранттық қаржыландыру жобасы аясында мүшелері Малайзия, Куала-Лумпур қаласындағы Management and Science университетінде болды. Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

14-16.02.25 жылы Астана қаласында жеңіл атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында жабық кешенде XXXIV- і Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары жүлделі орындарға ие болуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. Болатбекқызы Айана 800 м қашықтықта І-орын Омар Айбол 1500 м қашықтықта ІІІ-орын Болатбекқызы Айана 1500 м қашықтықта ІІІ-орын Кудайберген Сания 2000 …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. Read More »

Aqyl battle: Linguistic Mastermind

2025 жылдың 20-ақпан күні сағат 14.00-де Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен 2 курс студенттерінің арасында Aqyl battle: Linguistic Mastermind атты интеллектуалды сайыс өтеді. Сайыстың мақсаты — студенттердің ағылшын тілінде ойлау, тыңдау, критикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сайыс Жетісу университетінің бас ғимараты, 125 аудиторияда өтеді. #SDG #ЦУР #ТДМ

«Ауған соғысында от кешкендер» атты әскери-патриоттық кездесу кеші

Жетісу университеті Әскери кафедрасының ұйымдастыруымен Ауған соғысының ардагерлеріне арналған атты әскери-патриоттық кездесу кеші өтті.Аталған іс-шара – батырларымыздың ерлігі мен қайсарлығын ұлықтауға, олардың жас ұрпаққа көрсеткен үлгісін насихаттауға бағытталды. Кеш барысында ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті. Ардагерлерге алғыс ретінде шағын сыйлықтар табысталды. Шараға Мақсат Есбатыров, Болат Кемелханов, Мылтыкбай Баймолдинов,Жумабай …

«Ауған соғысында от кешкендер» атты әскери-патриоттық кездесу кеші Read More »

AI Assistant