Педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі – 2026

2026 жылғы 8–9 қаңтар аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі – 2026 «Жасанды интеллект: қазіргі жағдайы, даму үрдістері және болашағы» тақырыбында ұйымдастырылды.

Қысқы мектеп жұмысы 5 кезең бойынша өткізілді. Бағдарлама аясында 2026 жылғы 9 қаңтарда «Мастермайнд: болашақ еңбек нарығы және жасанды интеллект – жаңа құзыреттер мен кадрлар даярлау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Дене шынықтыру және өнер факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс беруші – «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Жоғары Талдықорған медициналық колледжі» МКК директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кумарова Алтынай Балтабаевна қатысып, «Білім беру үдерісін цифрландыру жағдайындағы трансформация: оқытудың жаңа тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ 2026 жылғы 9 қаңтарда өткен факультеттер секциясы барысында Дене шынықтыру және өнер факультетінен 4 оқытушы 2 баяндамамен қатысты. Факультеттер арасындағы секциялық отырыста:

  • оқытушы-дәріскер Ахметов Ж.А. және оқытушы-ассистент Абден А.Қ. «Жасанды интеллекттің спортшылардың физикалық дайындығын жетілдірудегі рөлі» тақырыбында;
  • оқытушы-дәріскер, п.ғ.к., Мырзаканов М.С. және оқытушы-дәріскер Ахметов Б.Б. «Кескіндемені оқыту үдерісінде жасанды интеллектті интеграциялау: педагогикалық перспективалар» тақырыбында баяндама жасады.

Қысқы мектеп аясындағы іс-шаралар білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізудің өзекті мәселелерін талқылауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

AI Assistant