2026 жылдың 9–11 қаңтар күндері Астана қаласында жеңіл атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында жабық кешенде өткен ХХХV Қазақстан Республикасының чемпионатында
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,
Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары жоғары нәтиже көрсетті:
🥇 Нұрмәмет Ақбаян — 800 м қашықтықта І орын
🥇 Құдайберген Сания — 2000 м кедергілермен жүгіруде І орын
🥉 Болатбекқызы Айана — 1500 м қашықтықта ІІІ орын
Нұрмәмет Ақбаян Азия чемпионатына жолдама жеңіп алды!
Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы додаларда да толағай табыс тілейміз! 🏃♂️🏃♀️🥇











