Конференция барысында студенттерге өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері, өту мерзімдері, есеп беру құжаттарының құрылымы мен рәсімделу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, практика барысында кәсіби этика ережелерін сақтау және қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

