Қуаныш — халықтың сүйіктісі! 🏆


Астана қаласында «Халық сүйіктісі – Народный любимец» ұлттық сыйлығының 15-ші салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Аталған іс-шарада «Жылдың үздік пара спортшысы» аталымы бойынша І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Қуаныш Аскарбеков жеңімпаз атанды.

Бұл марапат — Қуаныштың табандылығы мен жоғары спорттық жетістіктерінің, сондай-ақ отандық параспорттың дамуына қосқан үлесінің айқын дәлелі. Жеңісі құтты болсын!

AI Assistant