Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Талдықорған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен әкімшілік сот процесіне онлайн форматта қатысты.
⚜️ Ашық сот отырысының негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықтық тәртіп пен заңның үстемдігін насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
⚜️ Сот барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі, яғни мас күйінде автокөлік басқару дерегі бойынша іс қаралды.
⚜️ Сот отырысына Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері онлайн режимде қатысты.
⚜️ Аталған сот процесі студенттерге әкімшілік істерді қарау тәртібімен танысуға, сондай-ақ мас күйінде көлік басқарудың қауіптілігі мен құқықтық жауапкершілігін түсінуге мүмкіндік берді.

